Президент Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия құру туралы өкімге қол қойды

Бүгін, 16:28 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжаттың мәтіні 2026 жылғы 26 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды:

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мына құрамда құрылсын:

Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;

Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;

Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;

Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;

Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;

Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;

Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2. Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндасын.

3. Осы Өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.