Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды

Бүгін, 14:50 / Нұрлан Әлинұр
Polisia.kz

Бүгін таңертең Астанада Журналистер аллеясында өрескел вандализм фактісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі жас жігіт мүсіндік композицияны, сондай-ақ іргелес аумақтағы қоқыс жәшіктерін қиратқан. Полиция, елорданың екі тұрғынын — 18 жастағы Денис Суранов пен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Мұндай әрекеттерге полиция тарапынан қатаң тосқауыл қойылып, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.