Жазғы Азиада-2026: Боксшы Виктория Графеева жарысты аяқтады

Бүгін, 12:44 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында 1/8 финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Юйтинмен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіс Графееваның қарсыласына берілді – 3:2. Осылайша, Виктория Азия ойындарындағы өнерін аяқтады.

Айта кетейік, Линь Юйтин 57 келіге дейінгі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы атанған.