Жазғы Азиада-2026: Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бүгін, 11:41 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ауғанстан өкілі Силаб Нуримен кездесті.

Үш раундтың нәтижесі бойынша Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) келесі кезеңге өтсе, Виктория Графеева (60 келіге дейін) жарысты аяқтаған еді.