Қазақстан әйелдер құрамасы нысана көздеуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының іріктеу кезеңінде сынға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
50 метрден үш қалыпта мылтықпен ату сайысында ел намысын Арина Малиновская, София Шульженко, Елизавета Безрукова қорғады.
Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша Арина 587 ұпай еншілеп, тоғызыншы орынмен финалға өтті. Ал Шульженко 585 ұпаймен 14-орын, Безрукова 582 ұпаймен 22-орын алды. Олар іріктеуден өте алмады.
Іріктеудегі нәтижелер командалық бәсекеде де есепке алынды. Қазақстан құрамасы 1754 ұпаймен қола медальға ие болды. Қытай бірінші орын алса (1773), Үндістан күміс жүлдеге қол жеткізді (1763).