Елбасы National Geographic арнасына сұхбат берді

Елбасы National Geographic арнасына сұхбат берді

Елбасы National Geographic арнасына сұхбат берді
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті «National Geographic» телеарнасы өкілдерімен кездесу барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы айтты, сондай-ақ көрме жұмысы аяқталған соң оның нысандарын елорда инфрақұрылымына пайдалануға қатысты сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-иннновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Таза энергетика, «жасыл экономика және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатын болады. Сұхбат «National Geographic» телеарнасының «Мегақұрылыстар: Астана. Болашақтың қаласы» деректі фильмін түсіруге дайындық жұмыстары аясында өткізілді.