Шымкентте танымал асаба қамауға алынды (ВИДЕО)

Бүгін, 18:13 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінде полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асабаны ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны С. есімді азамат болып шықты. Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.

Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және “мак” екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті.

Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталуда.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.