ХХ жазғы Азия ойындарында жетісайыстан әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қатысушылар 3 күн бойы кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіру сайысының қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтады.
Жарыс нәтижесі:
Юри Танака (Жапония) - 5920 ұпай
Нанака Каджики (Жапония) - 5673 ұпай
Алина Чистякова (Қазақстан) - 5568 ұпай
Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 2006 жылы Дохадағы Азиадада топ жарған болатын.3016:47