Каспийде қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді

Бүгін, 17:23 / Інжу Әлихан
lada.kz

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі туған жері Түркістанға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, әскери қызметкердің денесі 25 қыркүйек күні жеткізілді.

"Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Түркістан әуежайына жеткізілді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.