Алматыда «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы аясында Мемлекет басшысының қатысуымен 10 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
1. Абай облысы әкімдігі мен Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd. және Inner Mongolia Wanjiang Investment Co., Ltd компанияларының консорциумы арасындағы Абай облысында электролиттік алюминий өндіретін зауыт пен қосалқы жел электр станциясын салу туралы келісім;
2. Абай облысы әкімдігі мен Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd және Inner Mongolia Wanjiang Investment Co., Ltd компанияларының консорциумы арасындағы Семей қаласында ағаш жаңқалы тақтай өндіретін зауыт салу туралы келісім;
3. «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы, China Energy Overseas Investment Co., Ltd және SANY Renewable Energy Energy Co., Ltd компаниялары арасындағы бірлескен жоба әзірлеу туралы келісім;
4. «Kazakh Invest ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Silk Road Finance Corporation компаниясы арасындағы Астана халықаралық қаржы орталығының базасында Қазақстан Республикасындағы перспективті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған арнайы инвестициялық қор құрудың негізгі шарттары туралы келісім;
5. Ақмола облысы әкімдігі мен SUNGROW Renewable Development Co., Ltd компаниясы арасында Ақмола облысы аумағында жалпы қуаты 450 МВт жел электр станцияларын салу, жаңартылатын энергия көздері саласы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;
6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «East Motors Corporation» ЖШС арасында «Жеңіл және арнауы автокөліктер шығаратын жоғары технологиялық автомобиль өндірісі кешенін құру» жобасын іске асыру жөніндегі ниеттестік туралы келісім;
7. Түркістан облысы әкімдігі мен «Тұран химиялық компаниясы» ЖШС арасында карбамид тыңайтқыштарын өндіретін зауыт салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;
8. Алматы қаласы әкімдігі мен Guotai Junan Securities (Hong Kong) Limited компаниясы арасындағы Гонконг қор биржасында «dim sum» форматында облигациялар шығаруды ұйымдастыру және сүйемелдеу бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы келісім;
9. Алматы қаласы әкімдігі, Everest Development және SunnyWorld Group компаниялары арасындағы халықаралық брендке тиесілі қонақ үй мен бизнес-орталығы бар көпфункционалды кешен салу жобасын іске асыру туралы келісім;
10. «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы мен China Construction Bank Corporation Astana Branch арасындағы Даму банкінің мақсаттарын қаржыландыру, соның ішінде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларға қаржы бөлу алғышарттарын айқындау туралы келісім.
t.me/aqorda_resmi