Жазғы Азиада-2026: Боксшы Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды

Бүгін, 14:09 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Назым Қызайбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында қытайлық Чжао Сюаньмен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал Назым Қызайбай Азиада өнер көрсетуін аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарыс жолынан шығып қалған еді.