Жазғы Азиада-2026: Ислам Сәтпаев нысана көздеуден қола жүлдегер атанды

Бүгін, 11:19 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында нысана көздеуден Қазақстан командасының қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, ерлер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атуда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев 3-орыннан көрінді. Ол финалда 348.3 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада алтын мен күміс Қытай өкілдерінің еншісінде кетті.

Тэгтер:

Азия ойындары 2026 Ислам Сәтпаев