Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық жарыстың алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Рапирамен айқасудан 1/8 финалда қазақстандық спортшылар Қатар құрамасымен кездесіп, 45:42 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы командалық жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Қазақстан құрамасы сапында Тамирлан Калиев, Тимофей Семенов және Ғалым Нұрымов өнер көрсетуде.