Самбо мен дзюдодан талай додада топ жарған: Каспий теңізінде қаза тапқан сарбаз жайлы мәлімет шықты

Бүгін, 05:13 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың арасында Маңғыстау облысының «Жас Батыр» спорт мектебінің спортшысы Аяпберген Сержан Талғатұлы болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сержан жас кезінен самбо және дзюдомен айналысып, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

Ол самбодан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, студенттер арасында ТМД ойындарының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ дзюдодан халықаралық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып, спорт шеберіне үміткер болған.

Спортшы кейін Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып, әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапты.

Маңғыстау облысының «Жас Батыр» спорт мектебі Аяпберген Сержан Талғатұлының қазасына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, әріптестері мен спортшылар қауымына көңіл айтты.