Қорғаныс министрлігі Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдерін жариялады

24 қыркүйек, 2026 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомство денесі табылып, қаза тапқаны ресми түрде расталған әскери қызметшілердің есімдері аталғанын хабарлады. Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған әскери қызметшілер туралы да мәлімет берілген.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштерінің жеке құрамы Маңғыстау облысындағы жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, іздеу-құтқару жұмыстары мен оқиғаның мән-жайын анықтау шаралары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Тэгтер:

Маңғыстау Қорғаныс министрлігі