Астанада жол үстінде жанжалдасқан екі жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Бүгін, 22:04 / Жамбыл Жайлау
greenleaf123/Getty Images

Астанада жол үстіндегі жанжал кезінде бір-біріне балағат сөздер айтқан екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ф. және Б. есімді азаматтардың арасында жолдағы жағдайға байланысты жанжал туындаған.

"Ф. және Б. арасында жолдағы жағдайға байланысты жанжал туындаған. Жанжал барысында ер адамдар бір-біріне балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. Сот отырысында екі құқық бұзушы да кінәсін мойындап, бұған дейін бір-бірін танымайтынын түсіндірді", – деп хабарлады сот.

Сот отырысында екі азамат та кінәсін мойындап, бұған дейін бір-бірін танымайтынын айтқан.

Жаза тағайындау кезінде олардың құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және кінәсін мойындағаны ескерілген. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот екі азаматты да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 10 тәулік әкімшілік қамақ жазасын тағайындады.

Тэгтер:

Астана