Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығудан аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды

24 қыркүйек, 2026 / Жамбыл Жайлау
skaman306/Getty Images

Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметшілердің бірінің жағдайы туралы дәрігерлер ақпарат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметші Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілген.

"Пациент дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оған қажетті медициналық көмектің барлығы толық көлемде көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта әскери қызметшінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады", – делінген хабарламада.

Мамандар науқасты емдеу шараларын жалғастырып, оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Тэгтер:

Маңғыстау