Жамбыл облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Бүгін, 17:40 / Інжу Әлихан
Скриншот

20 қыркүйекте Жамбыл облысы Меркі ауданы Қостоған ауылында қайғылы оқиға болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

TANK 500 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысқан.

«Салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен жол талғамайтын көліктің 3 жолаушысы қаза тапты, жүргізуші аудандық ауруханаға жатқызылды», - дейді полиция.

Әлеуметтік желіде оқиғаға кінәлі көлік жүргізушісі арнайы жасақ отрядының инспекторы, жекпе-жек спортшысы Сая Әуелбекова екені айтылған.

Алайда облыстық полиция департаменті жүргізушінің орган қызметкері екендігін жоққа шығарды.