Президент Маңғыстауда әскери қызметкерлердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Бүгін, 16:52 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті іс-шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.