Маңғыстаудағы трагедия: Тағы екі сарбаздың денесі табылды

Бүгін, 16:44 / Інжу Әлихан
Lada.kz

Ақтауда Каспий теңізі акваториясында оқу-жаттығу кезінде толқын басып қалған әскери қызметкерлерді іздеу жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Lada.kz хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмысы барысында оқу-жаттығу кезінде жоғалып кеткен тағы екі әскери қызметкердің денесі табылып, жағаға шығарылды.

Еске сала кетейік, бүгін Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде ауа райының күрт нашарлауынан 19 әскери қызметкерді теңіз алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың тоғызы қаза тауып, үшеуі құтқарылған.