Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізуде.
Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды», – делінген хабарламада.