Кейінгі жеті жылда Қазақстанда цифрландыру үдерісі жаңа деңгейге көтерілді. Электрондық үкіметтен бастап IT және ғарыштық технологиялар экспортына дейінгі бағыттарда көрсеткіштер айтарлықтай өсіп, цифрлық трансформация экономиканың технологиялық әлеуетін арттырудың маңызды тетігіне айналды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жеті жыл ішінде Қазақстан ауқымды цифрлық трансформациядан өтіп, технологиялық дамудың жаңа кезеңіне шықты.
2019–2026 жылдардағы негізгі көрсеткіштер:
▪️ Электрондық үкімет: Қазақстан БҰҰ-ның 193 ел арасындағы көрсеткішінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, 15 сатыға ілгеріледі.
▪️ Ғарыштық технологиялар экспорты: нөлден 70 млн долларға дейін өсті.
▪️ IT-экспорт: 38 есеге артып, 30 млн доллардан 1,142 млрд долларға жетті. Astana Hub көрсеткіші 633 млн долларды құрады.
▪️ Интернет: халықты интернетпен қамту деңгейі 84%-дан 98%-ға дейін өсті, орташа жылдамдық 21-ден 88–94 Мбит/с-қа жетті. Бесінші буын байланысы, 5G енгізілуде.
▪️ Цифрлық мемлекеттік қызметтер: цифрландырылған қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға дейін өсті. Цифрлық мемлекеттік қызметтердің 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.
▪️ Қолма-қол ақшасыз экономика: қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 14 есеге артып, 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге дейін өсті.
Цифрландыру енді тек ішкі жаңғырту құралы емес. Ол экономикалық өсудің, технологиялық құзыреттерді дамытудың, экспорт көлемін арттырудың және елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің маңызды факторларының біріне айналып келеді.