Қарызды кім көп алады?
Қарызды кім көп алады?
Некедегі қазақстандықтар басқаларына қарағанда онлайн-қарыздарға жиі жүгінеді екен, - деп хабарлайды Baq.kz.
"Робот Займер" аналитикалық орталығының жүргізген зерттеуіне сәйкес отбасылы адамдар бойдақтарға қарағанда қарыздарды 7,7 пайызға жиі рәсімдейтіні белгілі болған.
2016 жылдың қаңтарынан бастап 2017 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде отбасылық жағдайын көрсеткен қарыз алушылардың 37 383 сауалнамаларына талдау жасалды. 2017 жылдың деректері бойынша клиенттердің 51,4 пайызы - ресми некедегі тұлғалар. 2016 жылы - үйленген және тұрмыс құрған қарыз алушылар 48,5 пайыз көрсеткішпен азырақ белсенділік танытты. 2017 жылы бойдақтардың үлесі 39,8 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға артық. Сондай-ақ, некедегі тұлғалар мен бойдақтардан басқа өзінің отбасылық мәртебесін "азаматтық неке", "ажырасқан" және "тұл ер адам/жесір әйел" ретінде көрсеткен бірқатар қарыз алушылар бар.
Зерттеуге сәйкес, некедегі клиенттер мен бойдақтардан кейін жалпы статистикада "ажырасқан" қарыз алушылар орын алады - клиенттер базасында 6,6 пайызды құрайды. Бойдақтар мен ажырасқан тұлғалар арасында белсенділікте үлкен айырмашылық байқалады: ажырасқан қарыз алушылар бұрын неке құрмаған тұлғаларға қарағанда жалақыға дейін қарыздарды 6 есеге сирек рәсімдеген.
Сонымен қатар, онлайн-несие беру сервисіне 1,55 пайызды құрайтын "тұл ер адам/жесір әйел" отбасылық мәртебесіндегі тұлғалар мен 0,65 пайызды құрайтын азаматтық некедегі тұлғалар бәрінен де сирек жүгінген.