Алматыдан Қытайдың Чунцин қаласына жаңа әуе рейсі ашылды

Бүгін, 10:08 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

23 қыркүйекте қазақстандық «FlyArystan» әуе компаниясы Алматы – Чунцин жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты. Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері «Airbus A320neo» әуе кемелерімен орындалады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.