Әнші Арман Қоңыр әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тараған әңгімелерге әзілмен жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін желіде оның Қытайда өзге қызбен бірге жүргені туралы болжам тараған. Мұндай пікірлерге әлеуметтік желіде жарияланған суреттер себеп болған.
Кейін Арман Қоңыр "Жайлау" гольф-клубынан фото бөлісіп, желі қолданушыларының өзін тағы біреумен байланыстырып жіберуі мүмкін екенін қалжыңға айналдырды.
"Бүгін бұл жерден фото Instagram-ға салмаймыз. Жұрт тағы қосып жүрмесін", – деп жазды әнші.