Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

Бүгін, 19:17 / Дана Ізтілеуова

25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі.

Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді., деп хабарлайды turkystan.kz.

25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы өтеді.

Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы. Уақыты: 19:00;

26 қыркүйекте байқаудың конкурстық бағдарламасы ұйымдастырылады.

Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы. Уақыты: 17:00;

Ал 27 қыркүйек – фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерті өтеді.

Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова бар.

Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы. Уақыты: 19:00.