Жаңалықтар

Алматыда 496 соғыс ардагері тұрады

ашық дереккөзі

Алматыда 496 соғыс ардагері тұрады

Жеңіс күні жақындап келеді. Осыған орай Алматыда ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді. 100-ден аса соғыс және тыл ардагеріне арнап ақ дастархан жайылды, концерттік бағдарлама әзірленді деп хабарлады 24.kz. Сұрапыл соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Ұйымдастырушылар өздігінен жүріп-тұра алмайтын қарттардың үйлеріне барып, сый-сияпат жасады. Алматы қаласында 496 соғыс ардагері мен екі мыңнан аса тыл еңбеккері тұрады. Құрметті қонақтардың бірі – 13 жасында қан майданға аттанған Иван Абдулов. Ардагер соғыс жылдарындағы естен кетпес сәттерін айтып берді. Иван Абдулов, ҰОС ардагері: - Мен Бауыржан Момышұлының одютанты болдым. 1944 жылға дейін сол полкта болдық.