Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Әсел Болатқазықызы Жанәбілова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Ләззат Кенесқызы Сүйіндік Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Шавхат Әнесұлы Өтемісов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды», – делінген ақпаратта.