Велоспортшы Евгений Федоров XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасы Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында кезекті жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасындағы топтық жарыста Қазақстан командасының өкілі, Ханчжоу Азиадасының чемпионы Евгений Федоров үздік үштікті түйіндеді. Оның уақыт көрсеткіші - 4 сағат, 15 минут, 9 секунд.