Астанада адамдар мінген көлік Есіл өзеніне түсіп кеткен (ВИДЕО)

Бүгін, 09:33 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Астана қаласы Сарайшық ауданы Есіл өзенінің арнасына көліктің электрондық жүйесінде ақау пайда болып, суға түсіп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізуші мен жолаушы өздігінен көліктен шығып, көлікті судан шығаруға құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келіп жетті. Сүңгуірлер судағы жағдайды зерделеп, кранның көмегімен жеңіл автокөлікті судан алып шықты.

Көлік иесі құтқарушыларға жедел әрі кәсіби көмегі үшін алғысын білдірді.