Үкімет: 2027 жылы жүргізушісіз такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр

Бүгін, 12:36 / Інжу Әлихан
Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов елімізде жүргізушісіз таксиді іске қосу мерзімі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Yandex Qazaqstan бас директоры Тимур Шалекеновтің айтуынша, қазіргі таңда Алматы қаласында алғашқы жүргізушісіз автокөлік сынақ кезеңінен өтіп жатыр. Бұл кезеңде автокөлік деректерді жинап, қаланың цифрлық картасын қалыптастыруда.
Алғашқы коммерциялық сапарларды бастау үшін көлік сынақ режимінде бірнеше шақырым жол жүріп өту қажет.

Сонымен қатар жүргізушісіз көліктерді пайдалануға қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Пилоттық жоба қазірдің өзінде Алматы, Астана және Қосшы қалаларында іске қосылды.

Жүргізушісіз таксиді 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр, деп баяндады Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.