Көкшетауда жедел-құтқару жасағының құтқарушылары пәтер есігін ашу бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына шықты. Құлыптаулы пәтердің ішінде 2024 жылы туған бала болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құтқарушылар арнайы шанцевтік құралдың көмегімен есікті ашып, пәтерге кіруге мүмкіндік берді. Балаға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ ата-аналарға ескертеді: балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіздер. Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.