Абай облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өңірдің Аягөз ауданындағы Тарбағатай ауылдық округінде таулы, жетуі қиын жерде құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Өрт "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тараған.
"Өртті сөндіруге ТЖМ, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты, "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және жергілікті атқарушы органдардан 226-ға жуық адам мен 43 техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" мен ҰҚК-нің екі тікұшағы тартылды. Әуеден 12 рет су төгілді", - деп жазылған хабарламада.