22 қыркүйекте Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары бірнеше спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл күні қазақстандық спортшылардың қатысуымен іріктеу кезеңдері, топтық кездесулер және финалдық жарыстар өтеді. Жарыстардың уақыты Астана уақытымен көрсетілген.
05:00 – тасжолдағы велоспорт. Әйелдер арасындағы топтық жарыстың финалында Рината Сұлтанова, Виолетта Казакова және Елизавета Склярова өнер көрсетеді.
05:00 – киберспорт. eFootball бойынша топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Малайзиямен кездеседі.
05:45 – нысана көздеу. 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату бойынша аралас командалар арасындағы іріктеу кезеңіне Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қатысады. Финал 07:55-те өтеді.
06:00 – стенд ату. Скит бағдарламасының екінші күнінде Александр Мухамедиев, Артём Седельников, Давид Почивалов, Зоя Пискун, Әсем Орынбай және Адель Садақбаева сынға түседі.
06:00 – үстел теннисі. Әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан Өзбекстанмен кездеседі.
06:00 – 5×5 баскетбол. Әйелдер арасындағы топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Гонконг командасына қарсы ойнайды.
06:00 – семсерлесу. Рапира бойынша ерлер арасындағы жекелей жарыста Ғалым Нұрымов пен Тимофей Семенов бақ сынайды. Негізгі кезеңдер 09:30-дан, финал 14:40-та өтеді.
06:00 – волейбол. Әйелдер арасындағы 7-8 орындар үшін матчта Қазақстан Вьетнаммен кездеседі.
06:09 – жүзу. София Абубакирова мен Софья Сподаренко әйелдер арасындағы 100 метрге еркін стильде жүзудің іріктеу кезеңіне қатысады.
06:38 – жүзу. Ксения Игнатова әйелдер арасындағы 200 метрге шалқалай жүзудің іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.
07:00 – жағажай волейболы. Ерлер арасындағы топтық кезеңде Кирилл Гурин мен Сергей Богату жұбы жарысқа шығады.
07:29 – жүзу. Ерлер арасындағы 4×100 метрге кешенді жүзу эстафетасының іріктеу кезеңінде Айбат Мырзамұратов, Александр Румынский, Максим Сказобцов және Әділбек Мусин сынға түседі. Финалдық кезең 13:00-ден басталады.
07:45 – семсерлесу. Шпага бойынша әйелдер арасындағы жекелей жарыста Владислава Андреева мен Ирина Бакалдина өнер көрсетеді. Финал 15:00-де жоспарланған.
08:30 – үстел теннисі. Ерлер арасындағы командалық жарыстың плей-офф кезеңінде Қазақстан Бахрейнмен кездеседі.
08:50 – каратэ. 55 келіге дейінгі салмақтағы кумитэде Белла Самашева ширек финалда бақ сынайды.
09:00 – жағажай волейболы. Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад ерлер арасындағы топтық кезеңде ойнайды.
09:30 – гандбол. Әйелдер арасындағы кездесуде Қазақстан Вьетнамға қарсы шығады.
10:00 – спорттық гимнастика. Әйелдер арасындағы жекелей снарядтар бойынша іріктеу және көпсайыс финалында Амели Мукушева, Дарья Ясинская, Амина Халимарден, Радмила Тарасова және Эвелина Ежова өнер көрсетеді.
10:30 – су добы. Әйелдер арасындағы айналмалы жүйе кезеңінде Қазақстан Таиланд құрамасымен кездеседі.
10:34 – ММА. Traditional бағыты бойынша 77 келіге дейінгі салмақта Еркінғали Бүркіталин финалға шығады.
10:40 – каратэ. 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов ширек финалда өнер көрсетеді.
11:00 – гандбол. Ерлер арасындағы топтық кезеңде Қазақстан Кувейтпен кездеседі.
11:10 – үстел теннисі. Аралас жұптар арасындағы 1/64 финалда Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева ойнайды.
12:04 – ММА. Modern бағыты бойынша 71 келіге дейінгі салмақта Қадырбек Шынбаев финалда бақ сынайды.
13:30 – киберспорт. eFootball бойынша Қазақстан Тәжікстан құрамасымен кездеседі.
13:40 – 3×3 баскетбол. Әйелдер арасындағы топтық кезеңде Қазақстан Қытай құрамасына қарсы ойнайды.
14:00 – ушу-саньда. Ширек финалда Аян Тұрсын (52 келіге дейін), Әлижан Аблағатов (70 келіге дейін) және Абдурашид Абдуллаев (75 келіге дейін) өнер көрсетеді.
14:30 – киберспорт. Gran Turismo 7 бойынша Нұрсұлтан Сүтемгенов іріктеу кезеңіне қатысады.
15:45 – 3×3 баскетбол. Әйелдер арасындағы топтық кезеңде Қазақстан Шри-Ланкамен кездеседі.
Жарыстардың уақыты мен қатысушылардың құрамы өзгеруі мүмкін.