Димаш Құдайберген "Кітап оқитын ұлт" республикалық марафонына қатысады

Бүгін, 22:24 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Кітап оқитын ұлт" республикалық оқу марафонына қатысып, оқырмандарға суретші әрі ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің "Жизнь без рук" ("Қолсыз өмір") автобиографиялық кітабын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Димаштың айтуынша, ол марафонға байқаудан тыс "Парасат" санаты бойынша қатысып отыр. Әнші Қарағандыда Кәріпбек Күйіковпен кездескенін де атап өтті.

"Кәріпбек ағамен кездесіп, оның қайсарлығы мен рух беріктігіне тәнті болдым", – деп жазды Димаш Құдайберген.

Өнер иесі аталған кітаптың оқырманға ой салып, өмірге деген көзқарасына әсер ететініне назар аударған. Сондай-ақ ол оқу марафонының кітап оқуға, тағылым алуға және пікір алмасуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

"Кітап оқитын ұлт" республикалық оқу марафоны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген