Бокстан екі дүркін әлем чемпионы алғаш рет WBC рейтингіне енді

Бүгін, 21:09 / Жамбыл Жайлау
t.me/olimpicgames_Kazteamfan

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2026 жылғы қыркүйек айына арналған жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімге Қазақстаннан жеті боксшы енген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа рейтингте қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің бірқатары өз позициясын жақсартса, кейбірі үздіктер қатарына алғаш рет қосылды.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек бір саты жоғарылап, 16-орынға көтерілді. Евгений Павлов 26-орында, ал Бекман Сойлыбаев 38-сатыда тұр.

Рейтингтегі басты жаңалықтардың бірі – Санжар Тәшкенбайдың алғаш рет WBC тізіміне енуі. Әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы бірінші ең жеңіл салмақта бірден 35-орынға жайғасты.

Тәшкенбай тамыз айының соңында кәсіпқой бокста дебют жасап, Астанада өткен жекпе-жекте WBA Asia аймақтық белбеуін жеңіп алған еді.

Қазақстандықтар арасындағы ең жоғары нәтиже Мейірім Нұрсұлтановқа тиесілі. Ол орта салмақтағы рейтингтің бірінші орнын сақтап қалды.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап, 12-орынға көтерілді.

Ал жартылай ауыр салмақтағы Али Ахмедов 28-орындағы позициясын сақтап қалды.

Тэгтер:

бокс Санжар Тәшкенбай рейтинг