Қырғызстанда қошқар 1 миллион долларға сатылды

Бүгін, 20:06 / Жамбыл Жайлау
Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі

Қырғызстанда "Арашан" тұқымына жататын қошқар 1 миллион долларға сатылды. Рекордтық сауда етті-майлы қой тұқымдарын дамытуға арналған халықаралық фестиваль аясында өткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sputnik.kg басылымының жазуынша, іс-шараға Қырғызстаннан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден келген фермерлер мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысқан.

Қошқардың тегі де назар аудартты. Мәліметке сәйкес, ол 2023 жылы Қазақстанда 150 мың долларға сатылған Франкель атты қошқардың тікелей ұрпағы.

Осылайша, араға үш жыл салып оның тұқымы бірнеше есе қымбат бағаға бағаланған.

"Арашан" тұқымының ерекшелігі қандай?

"Арашан" қой тұқымы Қырғызстанда 2021 жылы ресми тіркелген.

Бұл тұқым ірі дене бітімімен, жоғары салмағымен және тез жетілуімен ерекшеленеді. Сондай-ақ таулы және далалы аймақтарға, қора жағдайында бордақылауға жақсы бейімделген.

Осы қасиеттеріне байланысты "Арашан" тұқымына асыл тұқымды мал өсірушілер арасында сұраныс жоғары.

Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы уақытта бұл тұқымның санын арттырып, сапасын жақсартуды және халықаралық нарыққа шығаруды мал шаруашылығын дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр.

Тэгтер:

Қырғызстан миллион қошқар