«Әділет» партиясы өскелең ұрпақтың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттырды

Бүгін, 18:52 / Дана Ізтілеуова
"Әділет" партиясының баспасөз қызметі

Талдықорған қаласында «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалы балаларға арналған мәдени-рухани іс-шара ұйымдастырды. Оның барысында «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасылардың балалары «Алтай – Атырау» қойылымын тамашалады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұрпақ тәрбиесі – ел тағдырына тікелей әсер ететін аса маңызды міндет. Осы орайда, партия филиалы ұйытқы болған мәдени іс-шара балалардың шығармашылыққа және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырды.

Бұл қойылымды белгілі театр және кино актері Кендебай Темірбайұлы жетекшілік ететін «Жас актер» жастар театры ұсынды. Мұндағы басты мақсат – балалардың ұлттық өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, ұрпақ тәрбиесіне қоғам назарын аудару.

«Осындай игі бастамаға атсалысқан барша азаматқа алғысымды білдіремін. Балалардың қуанышын бөлісіп, олардың рухани дамуына үлес қосу – баршамызға ортақ міндет», – деді «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшысы Амангелді Есбай.

Театр ұжымының айтуынша, мұндай кездесулер – балалар үшін аса маңызды. Себебі театр сахнасында адамгершілік, отансүйгіштік, мейірімділік және жауапкершілік сынды қастерлі құндылықтар дәріптеледі.

Қойылым соңында іс-шараға қатысқан 250 балаға балмұздақ таратылды. Бүл игі іске партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі Римма Салықова қолдау көрсетті.