Қуанышбек Үштаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

Бүгін, 15:14 / Інжу Әлихан
Ақорда

Қуанышбек Үштаев Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін аталған қызметті Мереке Көшекбаев атқарды.

Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.