Қазақстанның белгілі боксшысы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионаттарының төрт дүркін күміс жүлдегері, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Қамшыбек Қоңқабаев «Спортшылар кеңесі» басшылық құрамына қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Спортшылар кеңесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қамшыбек Бисенбайұлы – үлкен спорттың мектебінен өткен, Олимпиада ел намысын абыроймен қорғаған тәжірибелі спортшы. «Құрмет» орденінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
«Спортшылар кеңесі» спортшылар мен спорт ардагерлерінің мүддесін қорғау, олардың ұсыныстары мен мәселелерін тиісті органдарға жеткізу, спорт саласын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау және спорт қауымдастығы мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту бағытында жұмыс істейді.
Қамшыбек Бисенбайұлы мол тәжірибесі мен спорттағы беделі Кеңес жұмысына жаңа серпін береді деп сенеміз", – делінген хабарламда.