Бөлме ауасын тазартатын ең пайдалы өсімдіктер аталды

Бүгін, 07:14 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Биолог Дмитрий Сафонов РИА Новости берген сұхбатында пәтердегі ауаны ең жақсы тазартатын өсімдіктерді атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маманның айтуынша, бұл тізімнің көшін хлорофитум бастайды.

"Бұл - күтімі өте жеңіл өсімдік әрі бөлме гүлдерінің арасында нағыз чемпион. Мысалы, ол формальдегид секілді зиянды заттарды жақсы сіңіреді", - деп түсіндірді ол.

Тағы бір өсімдік - спатифиллум - ауаны жақсы ылғалдандырады және бензол мен аммиак сияқты зиянды заттарды сіңіреді. Ал фикус шаңды тиімді ұстап, ауаны оттегімен қанықтырады.