Жазғы Азиада-2026: Санжар Әділов қола жүлдегер атанды

21 қыркүйек, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық жауынгер Санжар Әділов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финалда сынға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта (traditional) ел намысын қорғады.

Санжар финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп қалды.

Осылайша қазақстандық жауынгер Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.