Бүгін қай қалада ауа сапасы төмендейді

Бүгін, 06:41 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

21 қыркүйекте Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Астана қалаларында, түнде Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.