Продюсер Гүлзира Айдарбекова екі келінімен дастархан басында болған әңгімесін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Продюсер үлкен келіні Жұлдызбен Заңғар Нұртастың жары Индира туралы сөйлескенін айтқан.
Оның сөзінше, Индираның мінезі еркелеу әрі ойын ашық жеткізеді.
Гүлзира Айдарбекова Жұлдызға Индираның өзінен қысылмай, ойындағысын ашық айта беретінін әзілмен жеткізген.
«Жұлдызға мен, бұл бір ерке келін болды, енем екен демей, ойында не бар, бәрін еш саспай айта береді десем, Сезімнен 5-ақ жас үлкен, бұл әлі бөпе ғой мамау дейді, шынында солай екен ғой», – деп жазды продюсер.