«Жүрегің жаралы, бірақ той жүргізіп жүрсің»: Анна Данченко жан сырын ақтарды

Бүгін, 21:42 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші Анна Данченко жақында өмірден өткен анасы туралы естелігін бөлісіп, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тележүргізуші анасының қазасынан кейін көңілі жүдеп жүргеніне қарамастан, той жүргізуге тура келгенін айтты.

Оның сөзінше, той иелері оны шараға алдын ала шақырып қойғандықтан, бас тарта алмаған.

«Жүрегің жаралы, бірақ той жүргізіп жүрсің... Біреудің қуанышын бұзуға менің құқығым жоқ. Той иелері үлкен өтінішпен жаз басында шақырып қойып еді, бас тарта алмадым, ыңғайсыздандым...», - деп жазды ол.

Анна Данченко той барысында анасының қоңырауын күткендей телефонға қайта-қайта қарағанын жазды.

«Қайта-қайта телефонға қараймын. Анам хабарласушы еді: “Тамақ ішіп жүр, мен сені үйде күтіп отырмын” деп», – деп жазды тележүргізуші.