Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бүгін, 20 қыркүйекте ұлттық құрама ширек финалда Оңтүстік Кореямен кездесті.
Оңтүстіккореялық волейболшылар үш сетте де басым түсіп, 3:0 (24:26, 25:27, 21:25) есебімен жеңіске жетті.
Ал Қазақстан әйелдер құрамасы 21 қыркүйекте Азия ойындарында 5-8 орындар үшін күресті жалғастырады.