Алматыдағы көпқабатты үйден өрт шықты

Бүгін, 15:22 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 26 адам құтқарылды, тағы 40 адам эвакуацияланды. Оқиға бүгін таңертең болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін таңертең Алматы қаласының Әуезов ауданына қарасты Ақсай-1А шағынауданында орналасқан тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.

Өрт аумағы 20 шаршы метр болған.

ТЖД құтқарушылары автосаты, құтқару қалпақтары және баспалдақ арқылы 26 адамды, оның ішінде екі баланы құтқарған. Сонымен қатар 40 адам эвакуацияланған.

Өрт жарты сағат ішінде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.