Алматы облысында жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Бүгін, 17:39 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Алматы облысында бір жарым ай бұрын ұшты-күйлі жоғалған 17 жастағы қыз аман-есен табылды. Ата-анасы шырт ұйқыда жатқанда үйінен қашып кеткен жасөспірім Қарағандыдан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Анасының сөзінше, Ясминаның өзі әкесіне хабарласыпты. Ол жалдамалы пәтерде тұрып келген. Қарағандыдағы жеке балабақшалардың біріне жұмысқа орналасып алыпты. Іздеуде жүргенін білген бойда, мекеме басшысы да полицияға бірден хабар берген.