Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі жазбасында Хамза Ширазға қатысты пікір білдіріп, оған сәттілік тіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Адамның аты тағдырына әсер етеді деуші ме еді? Түнгі қорқыныш деп енді айтпайсыздар-ау мені. Әрине, әзіл ғой.
Ол өз таңдауын жасады! Жолы ашық болсын, Хамзаға тек сәттілік тілеймін! Артық ештеңе айтпай-ақ қояйын, оған қазір оңай емес! Бокс әлемі аямай сынап жатыр!
Біз ары қарай кеттік! Чемпиондық титулды сарапқа салатын қарсылас жақын күндері белгіленеді! Кім болса да ұрып, титулды аламыз, бұйыртса! Үркітпей, шошытпай күтейік», – деп жазды боксшы.