Қарағанды облысында 200-ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Бүгін, 13:46 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Қарағанды облысында 193 шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

19 қыркүйекте сағат 09:00 шамасында "Астана" автожолының 188-ші шақырымында Теміртау қаласының өткелі ауданында "Scania" жүк көлігі жол апатына түсті.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 39 жастағы жүргізуші "Scania" көлігімен келе жатып, көлік құралын аударып жіберген. Жүк көлігі Көкшетау – Ташкент бағыты бойынша 193 бас шошқа тасымалдаған", - дейді полиция.

Жол - көлік оқиғасы салдарынан жануарлар далаға босып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.